Главная Новости ҚазИТУ-да футболдан «Ректор кубогы» ойнатылды
14 October, 2017                  318676
ҚазИТУ-да футболдан «Ректор кубогы» ойнатылды
   Өткен сенбі ҚазИТУ- да салауатты өмір салтын нығайту мақсатында футболдан ерлер арасында «Ректор кубогы» ойнатылды. Ұйымдастырушы: Жастар Ұйымдары Комитетінің спорт жөніндегі вице президенті Алмас Арсеннің жетекшілігіндегі "Sunshine" командасы.Тартысты өткен бәсекеге 1-2 курс студенттерінен құралған 8 командамен қатар ҚазИТУ колледжінің командасы да қатысты. Жарыс төрешісі университетіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрғалиев Айбек болды. Футболды жанына серік еткен жігерлі жастар қызықты әрі тартысты ойын көрсете білді. Ойын барысында өздерінің біліктіліктері мен мықты дене шынықтыру дайындықтарын байқатып, қарсыластарынан басым түсіп жеңіске РЭТ мамандығының 2- курс студенттерінен құралған "Қыран" командасы жетті.
   Ойыншылары:
1.Әбдіраш Бағдат (кап)
2.Нурмуxанбетов Арман
3.Қалабаев Батыр
4.Тойбазаров Шынғыс
5.Қожамұратов Айбек
6.Қайдаров Ер-асыл
   Жүлделі 2 орын"Жастар" (кап Абуов Раxат), 3-орын "Жеңіс" командаларына бұйырды.Жеңімпаз командалар медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі