Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті профессоры Алтай Республикасы Ұлттық саясат комитеті ұйымдастырған конференцияда баяндама жасады
1 маусым 2023                  911
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті профессоры Алтай Республикасы Ұлттық саясат комитеті ұйымдастырған конференцияда баяндама жасады

 

2023 жылы 1 маусымда  Алтай Республикасының Ұлттық саясат және қоғаммен байланыс комитетінің ұйымдастыруымен «Шекара маңындағы аумақтарда орыс тілін сақтау мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық халықаралық конференцияға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Ә. Тукебаева қатысты.

Посткеңестік елдерде болып жатқан жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы өзгерістерді саралауға бағытталған конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Алтай өлкелерінен 50-ге жуық ғалым баяндама жасап, 200-ден астам тыңдаушы қатысты.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Ә. Тукебаева өз баяндамасында,  Қытай мен Қазақстанның оқу орындарында орыс тілін оқытудың көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп,  оқытудың ескірген әдістері мен оқу материалдары заманға, талапқа сай жаңартуды, мәдениетаралық хабардарлықты дамытуды, студенттердің оқуға ынтасының арттыру,  сондай-ақ орыс тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесін қайта қарауды және осы жүйені реформалау қарқынын жеделдетуді ұсынды.