Главная Новости ҚазИТУда құқықбұзушылықтың алдын-алуға арналған жиын өтті
18 қазан, 2017                  318629
ҚазИТУда құқықбұзушылықтың алдын-алуға арналған жиын өтті
   Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2017ж. 18-қазанында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты кездесу-жиыны өтті.
   Қатысқандар: Университет проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы, Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік инспекторлары: полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы, полиция майоры Кокилова Айнур Жалғасбайқызы, полиция капитаны Смайлова Ақниет Сауранбекқызы, колледж директоры М.Қ. Шалабаева, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, университет және колледж студенттері.
   ҚазИТУ проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы кіріспе сөзбен ашып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды. Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік инспекторы полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы әӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылыққа кең тоқталды. Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік инспекторы полиция майоры Кокилова Айнур Жалғасбайқызы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Қоғамдық қауіпсіздікке және халық денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы айтты. Бстандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Смайлова Ақниет Сауранбекқызы кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы, жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға, студенттерге қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіріп өтті.
   Кездесу соңында университет, колледж студенттеріне әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптары көрсетілген арнайы кітапшалар таратылды.