Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Ұлттық валюта күні!
15 қараша, 2017                  318738
Ұлттық валюта күні!

   15 қарашада 2017 жылы Каз ИТУ университетінің экономика және қаржы кафедрасы белгілі экономистер мен қаржы мамандар-ғалымдарының қатысуымен Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі және қаржы мамандырының күніне орай дөңгелек столды өткізді. Бұл дөңгелек столда экономика және қаржы кафедраның мамандары, оқытушылары мен студенттері және осы кафедраға келген қонақтарымыз қатысты. Олар дөңгелек столдың айналасында жиналып, қазіргі кездегі мемлекеттің экономикасын, саясаты, өзгерістер мен бағдарламалар өткізіліп жатқанын талқылады, өзінің баяндамаларымен таныстырды. Экономика кафедраның меңгерушісі экономика ғылымдырың докторы доцент Смагулов Аскар Муратович өз баяндамасымен сөз сөйледі. Сонымен қатар Әл- Фараби атындағы КазНУ университетінің профессоры экономика ғылымдарының докторы Хамитов Нургали Нигматович қазіргі кездегі банктік жүйісінің жағдайы және қаржы нарығындағы өзгерістері туралы өз баяндамасын айтты. Оқытушылар Байжанова Лаура Бектуровна және Омаров Акедил Кунболатулы банктік жүйесін оңтайландыру жетілдіру экономиканың өсуіне әсер ететіні туралы баяндамасын айтып берді. Осы экономика кафедрасының 2 курс студенттері Налибай Айдын, Икметуллаева Гүльзада, Дүйсен Санжар Ұлттық валюта теңгенінің қолданысқа енгізілуі - тәуелсіздік белгісі ретінде мемлекет және қоғам өміріндегі елеулі оқиға саналатындығы туралы сөйледі. Қаржы саласының және инновациялық экономиканың сұрақтары талқылады. Банктік жүйесін күшейту және оңтайландыру, макроэкономикалық міндеттерді шешу жолдары айтылды.
   Ұлттық валюта-теңгенің күнімен және қаржы мамандығы күнімен сіздерді құттықтаймыз. 15 қарашада тәуелсіз Қазақстан тарихында президент жарлығы бойынша ұлттық валюта теңге қолданысқа енгізілді. Бұл Тәуелсіздік белгісі ретінде мемлекет және қоғам өміріндегі елеулі оқиға саналады. Сонымен қатар Қазақстан өзінің валюта-теңгесін өмірге әкеліпю, қаржы саясатын өткізе бастады. Тәуелсіздік жылдарының арқасында қаржы және банк жүйесі үлкен жетістерге жетті. Мұның бәрі осы салада еңбектенетін мамандарының жетістігі. Олар студенттерді оқытып, мамандар даярлады. Ғылыми мақалалар және оқулықтар жазып, зерттеулер жүргізді. Олардың арқасында көптеген студенттер экономиканы игеріп, мамандығын алды, осы салада жұмыс істейді. Ұлттық валюта тенгенің енгізілуі бұл маңызды оқиға және тәуелсіздіктің табысы болып табылады. Бұл экономика тәуелсіздіктің табысы және қаржы-несие саясатын өткізуге, реформаларды ұйымдастыруға мүмкіндік берді