Главная Новости "Еңбек адамы" айдарында: "Қазақ ғылымының жұлдызы" Өмірбек Арсланұлы Жолдасбековке арналған танымдық тәрбие кеші өтті
01 Наурыз 2024                  586
"Еңбек адамы" айдарында: "Қазақ ғылымының жұлдызы" Өмірбек Арсланұлы Жолдасбековке арналған танымдық тәрбие кеші өтті

Саналы ғұмырын білім мен ғылымды көтеруге арнаған қайраткер тұлғаның туғанына биыл 93 жыл толып отыр.  Еске сала кетейік, Өмірбек Жолдасбеков 1970-1986 жылдары университетте ректор қызметін атқарды. Білім ордасын басқарған тұста академик ҚазҰУ қалашығының негізін қалап, жоғары оқу орнын жаңа деңгейге көтерді. Оқытушы-ғалымдар мен қызметкерлерге жағдай жасалып, шетелдің үздік мамандары шақырылды. Ғалымның басшылығымен ЖОО-да жаңа зертханалар, кафедралар, ғылыми орталықтар, сондай-ақ Қазақстан ұлттық инженерлік академиясы құрылды. Өмірбек Арысланұлының ашқан ғылыми жаңалықтары, ізденіске толы еңбектері Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылыми ортада да кеңінен мойындалды. Қажырлы да табанды еңбегінің арқасында механик ғалымдардың тұтас бір шоғырын тәрбиелеп шығарды. Таулар алыс­таған сайын заңғарлана береді. Тұлғаға айналған адамдар да солай биік көрінеді. Бүгінгі "Еңбек адамы" айдарындағы Өмірбек Арсыланұлы Жолдасбековке арналған  тұлғатану танымдық тәрбиекешінде тұлғаның бейне баяндары көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды