Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Павел Сергеевич Панковтың шолу
19 Наурыз 2024                  622
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Павел Сергеевич Панковтың шолу

2024 жылдың 13 наурызы мен 20 наурызы аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде шақырылған профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Павел Сергеевич Панковтың шолу лекциялары топтамасы өтті. Негізгі тақырыптар жасанды интеллект арқылы білім беру әдістерін енгізу және оқушылардың деңгейін арттыру үшін озық технологияларды пайдалану үрдісіне қатысты болды.

Бұл шара білім сапасын арттыруға, жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытудың жаңа тәсілін енгізуге бағытталған. Дәріс тақырыптары IT, инженерлік және экономикалық білім беру бағдарламаларына бағытталды.

Нәтижиесінде маңызды ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл ынтымақтастық білім мен ғылымды дамытудың жаңа перспективаларын ашады. Оның аясында білім мен тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, сондай-ақ қазіргі қажеттіліктерге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Бұл қадам академиялық байланысты нығайтуға және оқу үдерісін байытуға көмектеседі.