Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті.
7 желтоқсан, 2017                  318668
«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті.
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2017 жылдың желтоқсан айының 07 жұлдызында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті. Кездесу қонақтары: Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ бөлім бастығы,полиция майоры Махметова Рита Онайбаевна, учаскелік инспектор, полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы. Сонымен қатар, жиынға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты. Жиынды колледж директоры Шалабаева Майра Хусайнқызы жүргізді. Кіріспе баяндама жасаған проректор Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы: Бүгінгі кездесу жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп жатқандығын, қазіргі таңдағы қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі студенттер мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізетінін айтты. Кездесу қонақтары да өздері дайындаған бейнероликтерін көрсетіп, қоғамдағы жастар арасында болып жатқан құқық бұзушылық жайлы сөз етті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылыққа тоқталып кетті. Бүгінгі таңда өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғандығы жайлы және тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескертіп, бұл аса өткір мәселе екендігін түсіндірді. Келген қонақтар студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. ҚазИТУ студенттері атынан Меруерт Батай алғысын жеткізді.