Главная Новости ҚазИТУ жастарының өзін-өзі басқару институтындағы жүйелі жұмыстар
27 february, 2018                  318662
ҚазИТУ жастарының өзін-өзі басқару институтындағы жүйелі жұмыстар
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар Ұйымдары Комитетінің Президентін сайлау науқаны 2018 жылдың 28 қаңтарынан бастау алды. 28 ақпанда өтетін сайлауға өз кандидатурасын ұсынған үміткерлер бүгінде үгіт-насихат жүргізу шараларын қызу жүргізуде. 2018 ж. 21 ақпанда екі үміткер: Перединова Элдана, Дәулеткелді Тұрар, ал 22 ақпанда екі үміткер: Батай Меруерт пен Елдана Асылжанқызы студент-сайлаушылармен сайлау алды кездесу ұйымдастырды. Студенттермен қатар кездесуге проректор Г.А.Сарсенбекова, ректор кеңесшісі Т.М.Амреева қатысты.

Г. Сарсенбекова ҚазИТУ-да екі жыл бұрын ғана құрылған жастардың өзін-өзі басқару интстутының әрбір студенттің әлеуметтенуіне жол ашатын үлкен алаңға айналғанын айта келіп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Үміткерлер өздерінің 5 бағыт бойынша жасалған сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Тың бастамаларды іске асырып, жастар комитетінің жандануына үлес қосамын деген үміткерлердің бағдарламасы көпшілік көңілінен шықты. Үміткерлер бағдарлама бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, студенттерді дұрыс таңдау жасауға шақырды. Жастар ұйымдары комитетінің Президентін сайлау 28 ақпанда өтетін Жастар ұйымдары комитетінің 2016-2018 жж. арналған есеп беру және сайлау конференциясында анықталатын болады.