Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ оқытушылары оқу-әдістемелік семинарда марапатталды
19 маусым, 2018                  318670
ҚазИТУ оқытушылары оқу-әдістемелік семинарда марапатталды
08.06.2018ж күні Қазақстан-Ресей медициналық колледжінде өткізілген «Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі инновациялық, педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістемелері» атты ғылыми, оқу-әдістемелік семинар жұмысына әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.М.Чаяхметова қатысты.

Талқылауға келесі сұрақтар ұсынылды:
— Инновациялық технологиялар, оқыту түрлері мен әдістері;
— Техникалық білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелері;
— Кәсіби білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелері;
— Әлеуметтік- экономикалық және гуманитарлық білім берудегі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелері;

Семинар жоғарғы дәрежеде өтті. Алматы қаласының жоғары оқу орындары, колледждерінен профессор-оқытушылары қатысып, ұсынылған тақырыптар бойынша презентация жұмыстарын қорғап, қатысушыларға сертификат тапсырылды.