Главная Новости ҚазИТУ-да салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жиын өтті.
16 казан, 2018                  318687
ҚазИТУ-да салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жиын өтті.
2018 жылдың қазан айының 16шы жұлдызында Қазақстан Инженерлік-Технологиялық Университетінде Cалауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жиын өтті. Жиынға қатысушылар Алматы қаласының ІІД ЕКБ үгіт-насихат және қоғамдық байланыс тобының аға инспекторы, полиция капитаны – Моисенко Валентина Владимировна.Участкелік дәрігер, нарколог – Баратова Аминам Аблхатовна. Алматы қ-сы., Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры – Атан Мақсат Сұлтанұлы қатысты. Жиын барысында Салауатты өмір салты жəне өз денсаулығына деген адамның жауапкершілік принципі — міне, бұл денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік саясатта жəне халықтың күнделікті өмірінде басты мəселе болуы шарт» — деп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев халыққа берген жолдауында айтылғандай қазіргі таңдағы салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екендігі туралы айтылып студентерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.