Главная Новости ҚазИТУ студенттері қалалық ән байқауының жүлдегерлері атанды.
29 october, 2018                  318671
ҚазИТУ студенттері қалалық ән байқауының жүлдегерлері атанды.
28-қазан 2018ж. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана-бақыт мекені» атты ән байқауы өтті. Байқау Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырлды. Алматы қаласының 38 университеті қатысқан байқаудан ҚазИТУ-дың өнерлі студенттері де шет қалмады. Іріктеу турынан өткен 20 университеттің студенттері арасында финалда ҚазИТУ атынан Сұран Айым РЭТ мамандығының 3- курс студенті және Бағланбаева Мөлдір ҚазИТУ колледж 1-курс студенті өнер көрсетті. «Атамекен» әнін дуэт болып шырқаған ару қыздарымыз жүлделі 3-орын иегері атанды. Жеңімпаз қыздарымызды құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі