Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Ардақтаймын атыңды, Алаштың арыстары» атты шығармашылық кеш өтті
18 наурыз, 2017                  318752
«Ардақтаймын атыңды, Алаштың арыстары» атты шығармашылық кеш өтті
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипатта болғанын атап айтқан абзал» деген болатын. Осыған орай Алаш қозғалысына 100 жыл, Әлихан Бөкейхановқа 150 жыл толуына байланысты, ҚазИТУ проректоры, ӘГП кафедрасының меңгерушісі Г.Ә.Сәрсенбекованың қолдауымен, «Шешендік өнер» клубының жетекшісі, аға оқытушы М.М.Чаяхметованың ұйымдастыруымен «Ардақтаймын атыңды, Алаштың арыстары» атты шығармашылық кеш өтті.

Кеш Ә.Бөкейхановты тергеудегі сансыз қитұрқылық, мазаққа толы алдап-арбау арысымыздың жігерін жасыта алмағандығы туралы көрініспен ашылды. Әлиханның соңғы сөзі – арманшыл адамның, үмітті жанның келешекке сәлемі, аманат-өсиеті. 1 курс студенттері өздерінің актерлық шеберліктерімен көрерменді таңқалдырды.

Кеш барысында Алаш арыстарына арналған патриоттық әндер, қазақ биі, күмбірлеген күйлер ұсынылды. «Алаш ұраны» әніне қамшымен билеген жігіттеріміз сахна төрінде ерекше қозғалыстарымен көзге түсті.

Шығармашылық кештің соңы 1 курс студенті А.Сулейменованың «Алға, Қазақстан!» әнімен аяқталды. Тарихи, әдеби кештің студент жастарымызға рухани тәрбие береріне кәміл сенеміз.