Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да Жалпыхалықтық латын қаріпімен диктант жазу шарасы өтті.
15 қараша, 2018ж.                  318723
ҚазИТУ-да Жалпыхалықтық латын қаріпімен диктант жазу шарасы өтті.

ҚазИТУ-да Жалпыхалықтық латын қаріпімен диктант жазу шарасы өтті.

14 қараша күні сағат 11.00-11.30 аралығында бүтін ел бойынша латын қарпіндегі жалпыхалықтық диктант жазу шарасы болды. Қазақстандықтар диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдай отырып жазды.

Осыған байланысты Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ҚР Президенті жарлығымен бекітілген жалпыхалықтық латын әліпбиінде диктант жазу шарасы өтті. Шараға студенттерімен қатар оқытушылар да қатысты. Диктант оқылу тәртібімен тыңдаушылар алдын-ала таныстырылды және диктант жазудың алдында тыңдаушыларға 15 минут бұрын латын негізді қазақ әліпбиінің арнайы жазу парақтары таратылып, қайта жинап алынды. Жалпы саны 77 сөзден тұратын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы атты диктантты студенттер мен оқытушылар 30 минут шамасында жазды. Көпшілігі жаңа әліпбимен танысқанмен, әлі жазып көрмегендерін жеткізді.

Студенттердің айтуларынша қазақ тіліне тән мысалы "ш", "ж" әріптерінде және "ү", "ұ" сынды төл дыбыстарды жазуда біраз қиындықтар туындағанымен, диктанттың өзі оңай әрі түсінікті болған.

Жалпыхалықтық диктант жазуда ұйымдастыру жұмыстарын Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық - оқытушылар құрамы атқарды.

Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны белгілі. Сондықтан біз ҚазИТУ ұжымы латын әліпбиіне көшу бастамасын толығымен қолдаймыз!

Студенттік баспасөз қызметі