Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Наурыз мерекесі аясында студенттік айтыс ұйымдастырылды
18 наурыз, 2017                  318726
Наурыз мерекесі аясында студенттік айтыс ұйымдастырылды
Қазақ халқының ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігімен ілесе, оның төл өнері – айтыс та жаңғырып, жаңа сипатта халық өміріне еніп келеді. Осы сипатта әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы, қазақ тілі мамандарының жетекшілігімен Наурыз мерекесіне арналған студенттер арасында айтыс ұйымдастырылып, мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Өнер додасының ерекшелігі –көптеген жас ақындардың үлкен сахнаға алғаш шығып, аламан айтыста тұсауының кесілуі болды. От ауызды, орақ тілді жас студент ақындар көкейлерінде жүрген мәселелерді көтеріп, көрерменнің ықыласына бөленді. Оған мысал:

Арман:
Оқу жақтан жарқырайды от шырақ,
Грант қашан бөлінеді деп тұрад
Сабақтардан жақсы оқып жүрсек те,
Грантқа деген үмітіміз көп бірақ.

Меруерт:
Грант жайын алаңдаймыз екеуіміз де,
Жұрт алдында оны айтпай кетерміз бе?
Бөлінсе сол бір грант айтыстан соң,
Тілейікші берілсін екеуімізге.

Жас ақындардың осындай беталысы көпшілікке терең ой салды, айтыскерлер сөз саптауда шеберлік танытты. Сөз соңында:

Меруерт:
Ордасы болған білім Алматымда,
ҚазИТУ оқу орны аумағында.
Басшымыз Нұрлан ағай аман болшы,
ҚазИТУ-ым шарықтай бер жыр бағымда.
Алаңдайтын тәрбие-оқу ісін,
Осы жолда салып жүр барлық күшін.
Гүлнар апай еңбегіңіз жана берсін,
Шәкірттің сізге айтар тілегі осы, - деп жас ақын қызымыз өзінің жүрекжарды алғысын білдірді.

Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор Г.Ә.Сәрсенбекова ақындар арасында жүзден жүйрікті анықтап қана қоймай, тарихи тұлғаларды ұлықтайтын, дәстүрді дәріптейтін, сөз төркінін ұғындыратын бұл айтыстың келер жылы жалғасын табатынын айтты.

Тіл шеберлігі терең жас студент ақындарымыз көбейе берсін!