Главная Новости Қандай ғажап студенттік кездер-ай!
16 ноября, 2018г.                  318679
Қандай ғажап студенттік кездер-ай!
2018 жылдың 16-қарашасында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Халықаралық студенттер күніне орай, университет проректоры Г.Ә.Сәрсенбекованың басшылығымен және университетімізідің жас оқытушылардың ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Қандай ғажап, студенттік кездер-ай!» атты мерекелік кеш өтті.

Аталмыш кештің алғашқы студенттерді құттықтау сөз кезегі университет проректоры Г.Ә.Сәрсенбековаға берілді. Г.Әлібекқызы студенттерді мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылынан бері белсенді студенттердің басын құраған Жастар Ұйымдары Комитеті мен барша студенттердің білім, ғылым, өнер, спорт т.б бойынша жеткен жетістіктерін: «ҚазИТУ Жастар Ұйымдары комитеті Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының «G-38» студенттер ұйымы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың қортындысы бойынша жариялаған номиниция жеңімпазы атанды. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана-бақыт мекені» атты Алматы қаласының 38 университеті қатысқан байқаудан ҚазИТУ-дың өнерлі студенттері Сұран Айым РЭТ мамандығының 3- курс студенті және Бағланбаева Мөлдір ҚазИТУ колледж 1-курс студенті өнер көрсетіп, 3-орын иегері атанды. Қарағанды облысы Теміртау қаласында жасөспірімдер арасында волейболдан күзгі Қазақстан чемпионатының чемпионы 3-курс студенті Доскен Нұрсұлтан атанды. Бішкекте кулату эртаймаш ММА (жекпе-жек ММА) Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта ҚР құрама командасының мүшесі Қазақстан иеженерлік-технологиялық университетінің 3 курс студенті Бекқұлы Бекнұр 1 орынды иеленді. Алматы қаласында ҚР Білім және Ғылым министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен халықарлық дәстүрлі «HackDay» иновациялық идеялар фетиваліне ҚазИТУ атынан «Ақпараттық технологиялар» секциясына 1-3 курс студенттері Нұркелді Қыран, Иванов Анатолий, Жарманбетов Саят, Танаш Сабит, Карафотенко Роман және «Кино мен видео » секциясы бойынша Ыбырай Самат, Қалдыбеков Сабыржан, Жұматай Барат, Қуантаев Жанболат қатысты.«Ақпараттық технологиялар» секциясында бақ сынап, «Chocolife.me» сервисінің арнайы тапсырмасын орындаған ҚазИТУ студенттерінің жобасы ұйымдастырушылардың көңілінен шығып «Chocolife.me» сервисінде жұмыс істеуге шақырту алды. «Кино мен видео » секциясына қатысқан студенттер мотивациялық видеролик түсіріп 91 команданың арасында 8-ші орынды иеленгенін атап өтті.

Мерекелік шарада оқытушылардың орындауындағы әсем ән, мың бұрала билеген би мен қызықты ойындар студенттердің жанына жылы шырай, мол қуаныш сыйлады. Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» шығармасына қойылған музыкалық көркем көрініс өте қызықты болды. Студенттер оқытушылардың өнері мен актерлық шеберлігіне таңданысын жасыра алмады.

Студенттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қарбалас жұмыстарына қарамастан студенттер күніне оқытушылардың арнайы ұйымдастырған тәрбиелік маңызы зор мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті. ҚазИТУ студенттері атынан оқытушыларымызға үлкен алғысымызы білдіреміз!Дендеріңіздге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Шәкірттеріңіз жақсы жетістіктерімен қуанта берсін! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!