Главная Новости «KazETU travel» клубының кезекті саяхатын Түрген сарқырамасына жасады
11 қазан, 2017                  318657
«KazETU travel» клубының кезекті саяхатын Түрген сарқырамасына жасады

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында:«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»-деген болатын. Осы орайда туған өлкенің табиғатын таныту барысында түрлі саяхаттар ұйымдастырып келе жатқан Жастар Ұйымдары Комитетінің «KazETU travel» клубы кезекті саяхатын Жетісу жеріндегі табиғаты көз тартарлық әсем орындардың бірі Түрген сарқырамасына жасады.
   "Түрген сарқырамасы" – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі.
   Түрген жерінің әсем табиғатын тамашалауға 60 студентпен қатар ата-аналар да барды. Бұл саяхатты ұйымдастырудағы басты мақсат студенттік өмірге жаңа қадам басқан 1-курс студенттерімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас орнату.Саяхат барысында студенттер сарқыраманың сарқырап аққан суын тамашалап, таудың табиғатына тамсанды, таза ауада серуендеп, естелік үшін суретке түсті. Көңілді әуен, әсем табиғат аясында шырқалған ән, қызықты конкурстар саяхатшылардың көңілдерін бір серпілтіп тастады. Дәмі тіл үйірер палаудан дәм татқан студенттердің көңілдері жайдары. Жалпы ҚазИТУ жастары үшін бұл саяхат өткен жылғымен салыстырғанда қызықты, көңілді әрі есте қаларлықтай болды.
   Студенттер үшін қызықты әрі түрлі саяхаттар ұйымдастырып келе жатқан Жастар Ұйымдары Комитетінің «KazETU travel» клубына және «Туризм» мамандығының студенттерінің еңбегіне алғысымыз шексіз!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі