Главная Новости ҚазИТУ жастары - салауатты өмір салтын қолдайды!
16 қыркүйек, 2016                  318815
ҚазИТУ жастары - салауатты өмір салтын қолдайды!
2016 жылдың 15 қыркүйегінде ҚазИТУ-дың ескі оқу ғимаратының алдында, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Біз - салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты таңғы жаттығуы өтті. Аталған іс шараға университет ректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы мен университет проректоры Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы, оқытушы-профессорлар құрамы және 500-ге жуық белсенді студенттер қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі жаттығулар жасап, көтерінкі көңіл күйде қайтты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды университет басты басымдығына айналдырып отыр. Алдағы уақытта да ҚазИТУ жастары әрқашан игі бастамаларды қолдайды.