Главная Новости «Қанатыңды кең серпі!»
9 ақпан, 2017                  318732
«Қанатыңды кең серпі!»
2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында студенттер арасындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындары өтті. Айтулы шараға әлемнің 54 елінен екі мыңға жуық спортшы қатысты. ТМД елдері арасынан алғаш болып Қазақстанда өткізіліп отырған қысқы универсиада ойындарында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері де жанкүйер болып, белсенділік танытты. Университетіміздің студенттері ерікті болып, универсиаданың жоғарғы деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Еліміздің бірқатар қалаларын аралап, ару қаламыз Алматыға ат басын тіреген «Алау» эстафетасын қала көшелерінен алып өту кезінде студенттеріміз қолдау көрсетті.

12 мың адамық су жаңа «Алматы арена» кешенінде болған универсиада ойындарының ашылу салтанатын университетімізден көптеген студенттер тамашалады. Ашылу салтанатында шоу бағдарламалар мен еліміздің өткен тарихы мен болашақ бейнесін көрсеткен түрлі көріністер қойылып, танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев спортшыларға сәттілік тілеп, универсиада ойындарының ашылуын салтанатты түрде жариялады. Ашылу салтанатынан кейін өткен қысқы спорттық ойындардан да ҚазИТУ жастары да қалыс қалмады. Спортшыларымызға жанкүйерлік танытып, барынша қолдау білдірді. Универсиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін сәтті болып, жалпы командалық есепте 2-ші орын иеленген спортшыларымыз еліміздің мәртебесін өсіріп, жанкүйерлердің сенімін ақтады. Студенттерміз универсиада ойындарының жабылу салтанатында болып, есте қаларлықтай керемет сәттерге куә болды.

Тарихта аты қалатын әлемдік универсиаданың болашақ жастардың бойына нағыз патриоттық сезім қалыптасуына зор үлес қосары анық. Осы орайда ҚазИТУ студенттерінің де универсиада ойындарынан алған әсері шексіз. ҚазИТУ жастары әрдайым салауатты өмір салтын қолдайды.