Главная Новости «KazETU travel» саяхатшылар клубы құрылды
17 қазан, 2016                  318779
«KazETU travel» саяхатшылар клубы құрылды
ҚазИТУ проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының идеясымен университет қабырғасында тұңғыш рет «KazETU travel» саяхатшылар клубы құрылды. Аталмыш клуб жастар арасында Республика аумағындағы көне жәдігерлерге арнайы экспедиция жасап, зерттеумен айналысады. Өз сөзінде Гүлнар Әлібекқызы: «Өткенді білмей болашақты болжау қиын. Сондықтан да біздің жастарға осындай жобалар қажет. Тарихты тек кітаптардан ғана оқып қана қоймай, сол көне жерлерге арнайы саяхат жасап, өз көзімен көру бір бөлек.»-деді.

2016 жылдың 16-шы жұлдызында «KazETU travel» саяхатшылар клубы университет проректоры Гүлнар Әлібекқызының қолдауымен өзінің бірінші экспедициясын Есік қаласындағы «Есік көліне» жасады. Есік көлі , Іле алабындағы көл. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірінде теңіз деңгейінен 1759 м жоғарыда орналасқан. Аумағы 0,86 км² , ұзындығы 1,8 км, ені 600 м. Көл шамамен 8 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашын cуы жиналып, тау аралығындағы әсем көлге айналған. 1963 жылы шілденің 7-нде болған сел тасқыны бөгетті бұзып кетті. 1990 жылдардың ортасынан бөгет қайта тұрғызылып, көл қалпына келтірілуде. Көлдің туристік маңызы зор.

Студенттер экспедиция барысында өз ойларымен бөлісіп, осындай жобаларды алдағы уақытта тек қолдайтындықтарын айтты. Іс-шара соңында жастар кешкі от шашумен ән айтып, көтерінкі көңіл күйде қайтты.