30.01.2019 ж. күні 2 курс «1226000 – Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» мамандығының студенттері ҚазИТУ колледж зертханасында зертхана-тәжірибелік сабағын өтті.
Арнайы пәндер оқытушысы: ИСКАКОВА АЛТЫНАЙ МУРАТОВНА
Акимхан Альфия, Берікқожа Камила, Турган Дильшат,Жұматай Ләйлім және Бейсебек Жанель бірігіп «Рассольник» бірінші тағамын даярлады.
Құрамы | 6 порция |
Ет (жауырын) | 200г |
Ақ қауданды орамжапырақ | 100г |
Картофель | 5 дана |
Тұздалған қияр | 3 дана |
Сәбіз | 2 дана |
Ас көк, қара бұрыш, тұз | дәміне қарай |
Бас пияз | 1 дана |
Сары май | 20 г |
Қаймақ | дәміне қарай |
Рассол | 1 стақан |
Шығуы | 1800г |
Сәбізді және пиязды соломкалап тураңыз, пассерлеңіз. Орамжапырақты ұсақтап тураңыз. Картофельді тілікшелеп тураңыз. Тұздалған қиярды қабығынан аршып, кесектерге бөліп тураңыз.
Орамжапырақты қайнаған сорпаға салыңыз, қайнатыңыз, картоп қосыңыз. 5 минуттан кейін пассерленген сәбіз бен пиязды, қиярды қосыңыз. Дәмдеуіштермен дәмдеңіз және дайын болғанша пісіріңіз. Ұсынарда қаймақпен қатықтаңыз. Асыңыз дәмді болсын!
Қалиева Ақбота, Боқалақ Берік және Султанмуратова Мунира бірігіп «Солянка» тағамын даярлады.
Құрамы | 6 порция |
Ет | 500г |
Тұздалған қияр | 3 дана |
Сәбіз | 1 дана |
Пияз | 1 дана |
Өсімдік майы | 30г |
Рассол | 100 г |
Томат пюресі | 2-3 қасық |
Ас көк, қара бұрыш, тұз | дәміне қарай |
Лимон | дәміне қарай |
Зәйтүн | дәміне қарай |
Шығуы | 1800г |
Пиязды қабығынан аршып, текшелерге бөліңіз. Сәбіздерді тазалаңыз, жуыңыз және үгітіңіз. Қиярды кубиктап тураңыз. Пияз бен сәбізді 2-3 минут өсімдік майында пассерлеңіз. Томат пюресін қосыңыз. Тұздалған қиярды қосыңыз.
Етті суда қайнытыңыз, үстіне пассерленген көкөністерді қосыңыз. 10 минут қақпағын жауып, қайнатыңыз. Ұсынарда лимон кесегін немесе көк шөп сеуіп ұсыныңыз.
АСТАРЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!!!