8 ақпан 2019 ж                  318677
Жастардан- ыстық ықыласпен!

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 25 қаңтарда «Ізгі ниетпен, Сіздер үшін!» атты қайырымдылық жасау акциясы басталған болатын. Акция мақсаты: жұма күні асханада студенттер шай ішіп, өмірдегі мәселелерін ортаға салып, өздеріне деген жылылықты сезініп, жақсы, ізгі істерге мақсат қоюына қолайлы орта жасай білу.





Осы орайда, «2019 – Жастар жылы» аясында, жастар арасындағы ұжымдық рухты, адамгершілік қасиеттерін арттыруды және университет басшылығы бастаған жақсы дәстүрді қолдауды мақсат тұтып 8 ақпан күні Жастар ресурстар орталығы және Жастар комиетінің белсенділері университет асханасында ақ дастархан жайды!


ҚазИТУ ұжымы, көпшілік студенттер дастарханнан дәм татып, шара ұйымдастырушыларына ізгі тілектері мен ниеттерін білдірді. Алдағы уақытта да бұл айтулы дәстүр өз жалғасын табады деп сенеміз. Бастаманы жалғастыруды қолдап, ниет білдіріп жатқан барша университет ұжымына жастар атынан ізгі істеріңізге береке берсін деп тілейміз!



ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі