Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі
18 март, 2019                  318726
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі
Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналған. Елбасының 2018 жылға 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында құрылған «Алматы-адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты біріңғай сағаты өтті. Мақсат: студенттердің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тетіктерін кеңінен насихаттау.

Жиында университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов модератор болып, әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Нұртазаева баяндама жасады. Оқытушылар мен студенттер өз ой- пікірлерімен бөлісті.

Студенттердің аталған іс-шарадан түйген ойлары өмірдегі сыбайлас-жемқорлықтың кез-келген құбылысына қарсы тұруға көмектесері анық. Біздің ортада сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!