Главная Новости Жастар жылы аясындағы ҚазИТУдағы жарқын бастамалар
19 march, 2019                  318649
Жастар жылы аясындағы ҚазИТУдағы жарқын бастамалар
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті «Жастар жылы» аясында атқарылатын жұмыстардың кешенді жоспарын жасап, ұжым біріге атқарып келеді. Игілікті шаралардың қатарында «Үздік студенттік топ», «Үздік куратор-эдвайзер», «Үздік студент» байқауларының орны ерекше. Наурыз айында қорытындыланған бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша үздіктер қатарындағы біршама оқытушылар мен студенттер үстіміздегі жылдың 6-9-ші наурызында Елордамыз Астана қаласына эксурсияға жолдама алды.

Астананның көрнекті, көрікті ғимараттарымен танысып, әлемге Қазақстанды танытқан әйгілі « ЕХРО»-ны тамашалады. «Дамуы бойынша әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең Астанамен мақтанбау мүмкін емес. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Бүгінде сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып мұнара-Бәйтеректен айналаңа көз салып тұру ертеңіңе деген сеніміңді арттырады», дейді ҚазИТУ студенттері. Жұлдызы жарқыраған Астана - елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.