Главная Новости Мастер класс
10 апрель, 2019                  318700
Мастер класс
11.04.2019 ж. күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжінің 1226000- Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру мамандығының 3 курс студенті Тасмұратқызы Гүлнар нан өнімдері бойынша «круассаны» 1 және 2 курс студенттеріне мастер класс өткізді.

Тасмұратқызы Гүлнар осы уақыт аралығында «Ақсай нан», «Алматы нан» өндірісінде тәжірибе жинақтап, кондитер болып жұмыс атқарған. Қазіргі таңда Magnum Cash & Carry сауда орталығының өндірісінде жұмыс жасайды.

Гүлнар тек қана нан өнімдерін көрсетіп қана қоймай, студенттерге қамырды ашытудың небір сырларын айтты, технологиясын түсіндіріп, жасалу жолын үйретті. Мастер класс студенттерге өте қатты ұнады. Студенттер өз ойларымен бөлісіп сұрақ қойып, атсалысып отырды.

Мастер класс бойынша дайындалған өнімдер «круссандар» ірімшікпен, қоюландырылған сүтпен, шоколадпен және сүзбемен дайындалды. Студенттер дәмін көріп, өз бағаларын берді. Ізгі тілектерін білдіріп, қошемет көрсетті.