Главная Новости ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ
11 april, 2019                  318669
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ
10.04.2019ж. күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Ғылым мен жастар: проблемалар, ізденістер, шешімдер» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.

Конференция екі бөлімнен құралды. Біріншісі пленарлық отырыс және секция отырыстарының жұмысы.

Конференция қатысушыларды тіркеуден басталды. Ашылу салтанаты мен құттықтау сөзі Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры міндетін атқарушы Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызына берілді.

Пленарлық отырыс сағат 10:00 де басталды. Барлығы 8 сөйлеуші қатысты. Ең алғаш сөйлеуші болып Успанов атындағы топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Сапаров Абдулла Сапарович болды. «Современное состояние почвенного покрова Казахстана, развитие почвенно-агрохимических исследований» тақырыбымен бастады.

Екінші сөйлеуші Мейрман Галиолла Тулендиулы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақ ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты. «Сельское хозяйства в Аргентине» тақырыбында есеп берді.

Келесі сөйлеуші Тимофеева Ольга Александровна Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының өкілі. «Органическое земледелие – анализ ситуации в Казахстане» атты тақырыбын ұсынды.

Ауезбаев Сатыбалды Абдрахимович ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, қой өсіру Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қой өсіретін биотехнология зертханасының меңгерушісі, «Современное состояние овцеводства РК» тақырыбында есеп берді.

Бесінші сөйлеуші Велямов Масимжан Турсунович биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШМ академигі, Ресей азық-түлік қауіпсіздігі академиясының академигі, «Биотехнология, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы және тағам қауіпсіздігі» зертханасының меңгерушісі «Биотехнологические методы в производстве плодоовощных соков» тақырыбен шықты.

Алтыншы сөйлеуші Қазыбаева Сауле Жамбуловна ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, ҚР Ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Бау-бақша дақылдары мен жүзімін енгізу және таңдау бөлімінің меңгерушісі, Қазақ көкөніс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. «Садоводства в Казахстане» аты есебін таныстырды.

Жетінші сөйлеуші Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 2 курс студенті Мұхан Айжан Бахытжанқызы «Бір жылдық өсімдік жапырағынан органосольвенттік әдіспен целлюлоза алу» тақырыбында есеп берді.

Сегізінші сөйлеуші болып Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 2 курс студенті Литвиненко Евгения Витальевна «Влияние удобрении на эколого-биологические показатели плодородия орошаемых почв юго-востока Казахстана» есебін таныстырды.

Сегіз сөйлеушімен пленарлық отырыс аяқталды. Бір сағаттық үзілістен кейін секция отырысының жұмысы басталды. 7 секциядан құралды.

1. Секция 1 Жаратылыстану ғылымы (физика, химия, математика, биология)
Жетекшісі: Муздыбаева Ш.А., Утегалиева Ф.У.
Хатшы: Қонысбаева А.

2. Секция 2 Экология. Қауіпсіздік. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Жетекшісі: Муздыбаева Ш.А., Турысбекова Г.Ж.
Хатшы: Қонысбаева А.

3. Секция 3 Экономикалық ғылымдар (экономика және менеджмент, еңбек экономикасы, бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері)
Жетекшісі: Омаров А.М., Смагулов А.М.
Хатшы: Жоламанов Е.М.

4. Секция 4 Технологиялық перспективалық даму (технологиялар, материалдар мен жабдықтар)
Жетекшісі: Токанова Ж.К., Отыншиева А.М.
Хатшы: Толунбеков Н.К.

5. Секция 5 Жаңа ақпараттық технологиялар және басқару автоматтандыру жүйелері
Жетекшісі: Айжанова А.Е., Колумбет К.
Хатшы: Казкеева Ж.

6. Секция 6 Стандартизация. Сертификация. Сапаны басқару және құжаттандыру
Жетекшісі: Каржаубаев К.Е., Колумбет К.
Хатшы: Казкеева Ж.

7. Секция 7 Гуманитарлық ғылым (философия, тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздері, әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика)
Жетекшісі: Абдылдаева Ш.С., Абдисулейсенова Р.Ш.
Хатшы: Нуртазаева А.Б.

Конференцияға Астанадан және Алматы қаласы бойынша басқа жоғарғы оқу орындарынан келген студенттерде болды.

Астана қаласы бойынша Еркеғали Жансая ЕНУ кафедра МКМ, Әскерханқызы Айгерім ЕНУ кафедра МКМ.

Алматы қаласы бойынша Narxoz университетінен Алмахамбет Нұрай және Абешова Гарина.

Секция соңында әрбір қатысушыларға грамоталар мен дипломдар ұсынылды.

Конференция қызықты ақпаратқа толы болды. Келген студенттер, магистранттар мен докторанттар өздеріне керекті ақпарат алды деген ойдамыз.