Главная Новости Республикалық «ҚазИТУ-Зерде - 2019» олимпиадасы қорытындыланды!
24 апрель, 2019                  318653
Республикалық «ҚазИТУ-Зерде - 2019» олимпиадасы қорытындыланды!
2019 жыл – Жастар жылы. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті де еліміздің ертеңі болар жастарды қолдаудан тыс қалмақ емес. Жас талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету мақсатында республикалық «ҚазИТУ-Зерде» пәндік олимпиадасы ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді.

Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен жағдайда университеттің грантына ие болды. Республикамыздың 10 аймағын қамтыған олимпиада 2 тур бойынша өткізілді. Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: физика, математика, география, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен болды.

Оқушылар І турда университет сайтынада тіркелу арқылы онлайн түрде тест тапсырса, 18 сәуір күні ІІ тур университет қабырғасында өтті. Еліміздің әр аймағынан келген талапкерлер тек білім сайысына қатысып қоймай, ҚазИТУК тыныс-тіршілігімен, студенттік өмірмен де танысты.

Ұйымдастырушылардың сараптамасына сәйкес қазіргі уақытта аймақтар аралығында ең көп сұраныс физика-математикалық кластерге, яғни IT- мамандықтарына, екінші орында химия-биология кластерлеріне таңдау басым. Байқаудың мақсаты мен ережелерін кеңінен насихаттау барысында Республикамыздың әр түрлі аймақтарында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

17 сәуір күні талапкерлерді қарсы алудан басталған шара, 18 сәуір күнгі Алматы қаласының әкімінің симфониялық оркестрінің құлақ құрышын қандырар концертімен, ал 19 сәуір олимпиада жеңімпаздарын марапаттауымен аяқталды. «Үйде отырып, ой-біліммен онлайн сайысып, Алматыға грант ұтып алуға мүмкіндік беретін осындай бастамалар көп болсын»- деп ыстық ықыластарын білдірген талапкерлер, ҚазИТУ-мен күзге дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанша қимастықпен қоштасты.