Главная Новости Түрген - табиғаттың тамаша тартуы
23 қыркүйек 2019                  318828
Түрген - табиғаттың тамаша тартуы
Алатауға алтын күз келді. Жылы шуағымен жылытқан қоңыр күздің жаймашуақ күнінде ҚазИТУ студенттері табиғат аясында серуендеп қайтты. Еліміздің әр аймағынан университетімізде білім алуға келген студенттерге Алматының әсем табиғатын тамашалау керемет әсер қалдырды. «KazETU travel» саяхатшылар клубының осы жылғы саяхаты – Түрген шатқалынан басталды. Клуб мақсаты– студенттерге оқу дəрісханаларында тарих пен мəдениетті, тілді тек оқу құралдарынан оқыта бермей, бір мезгіл табиғат аясына шығып аталған құндылықтар негізінде патриоттық сезімін толықтыруда табиғи жəне адам қолымен жасалған ғажайып игіліктерді таныту, көзбен көріп, көңілге тоқыту, студенттерді ұжымдық мәдениетке тәрбиелеп, көңілді уақыт өткізуді ұйымдастыру. Саяхат қызықты сәттерге тола болды. Студенттер Түрген сарқырамасының сарқырап аққан суын тамашалады. Таудың табиғатына тамсанды, таза ауада серуендеді, естелік үшін суретке түсті. Қорытындылай келе студенттер табиғатымыздың аса көркем пейзаждарын тамашалап, жаңа оқу жылына пайдалы болатын позитивке толы энергетиканы сіңіріп қайтты.

Студенттік баспасөз қызметі