Главная Новости Таңғы жаттығу өткізілді
26 қыркүйек 2019                  318684
Таңғы жаттығу өткізілді
26 қыркүйек Қазақстан инженерлік- теxнологиялық университетінде салауатты өмір салтын нығайту мақсатында таңғы жаттығу өткізілді. ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекованың қолдауымен және Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен өткен таңғы жаттығуға оқытушы-профессорлар құрамы, университет және колледж студенттері белсенді қатысты. Таңғы жаттығу күннің жақсы көңіл- күйде басталуына әсер етіп қана қоймай, денсаулықты нығайтуға әсер етері сөзсіз. Студенттер әр түрлі физикалық жаттығулар жасағаннан соң көңілді әуенге флешмоб биледі. Университет қабырғасында осындай шаралар жиі өткізіліп, жастарды спортқа баулитын жұмыстардың көптеп ұйымдастырылуы бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Осы орайда ҚазИТУ жастары әрдайым салауатты өмір салтын қолдайды!

Студенттік баспасөз қызметі