Главная Новости Ашық аспан астында кино кеші өтті
27 қыркүйек 2019                  318724
Ашық аспан астында кино кеші өтті
26 қыркүйек ҚазИТУ студенттері ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шараға 100-ден астам көрермен студенттер келген. Жастар Ұйымдары Комитеті мен студенттік кеңес ұйымдастырған кино көрсетілімде 2 фильм көрсетілді. Кеште қызықты викориналық сұрақтар мен би жарысы студенттер көңілін көтерді.. Алатаудан ескен салқын самалмен тыныстап, ашық аспан аясында фильм тамашалауға келген студенттердің ұйымдастырушыларға дән риза. Бұл көңіл-күйді көтеріп, жаныңа жылылық сыйлайды дейді студенттер. Баршаның көңілінен шыққан шара ары қарай белгілі уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Студенттік баспасөз қызметі