Главная Новости ҚазИТУ студенттері шет елде білім алуда
29 қыркүйек 2019                  318739
ҚазИТУ студенттері шет елде білім алуда
Заман көшіне ілесудің тетігі ретінде бүгінде сапалы білім алу, мықты кадрлар дайындау мақсатында, көптеген жобалар жүзеге асуда. Соның бірі акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы. Шет елдің ЖОО арасында ортақ келісім бойынша тәжірибе алмасып біліктіліктерін арттыру мақсатында іске асатын бағдарламамен ҚазИТУ студенттері атынан 5 студент жіберілді. Осы жылы аталған жоба бойынша «Радиотехника электроника телекоммуникация» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Шағдарбеков Мейірбек, Бекетай Назерке, «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Қырықбаева Аяулым, «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Мейірханқызы Айнұр, Киікбаева Айдана Түркия мемлекетінің Кастамону университетінде білім алуда. Кастамону университеті қысқа мерзім ішінде ғылыми, білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорттық қызметте және өзін «Дамушы жас университет» ретінде көрсеткен Кастамону қаласындағы үздік университеттердің бірі. Шет елде білім алуға кеткен студенттерімізге сәттілік тілейміз!

Студенттік баспасөз қызметі