Главная Новости "Томирис" қыздар клубының жиыны
04 қазан 2019                  318734
"Томирис" қыздар клубының жиыны
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының «Жас отбасы», жас отбасы бейнесін қалыптастыру, ата-ана болу жауапкершілігін сезінуді қолдау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша қызметтер» жобасын жүзеге асыру мақсатында қыздар арасында жиын өтті. Аталмыш жиында арнайы маман, «Асмед-2» емханасының гинекологы Тукейбаева Нуржамал Баубековна лекция жүргізіп, қыздарға денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерімен, маңызды ақпараттармен бөлісті. Қыздар тарапынан сұрақтар қойылып, дәрігер маман жауап берді.

Студенттік баспасөз қызметі