Главная Новости Студенттер үйіндегі сейсенбілік кездесу
01 қазан 2019                  318742
Студенттер үйіндегі сейсенбілік кездесу
Аптаның әр сейсенбі күні «Studhouse»- та кездесу күні. Осы аптадағы кездесу қонағы ҚазИТУ мақтанышы, дойбы ойынынан аудандық, республикалық жарыстардың жүлдегері, дойбы спорты бойынша спорт шеберлігіне үміткер Азық- түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының 4-курс студенті Берік Айбике болды. Кездесу барысында студенттер Айбикемен жақынырақ араласып, жеткен жетістіктерімен, алдағы жоспарларымен танысып, дойбы ойнады. Еркін форматта өткен жиында студенттер чемпион қызға сұрақтарын қойып, дойбы ойынының техникасы мен тарихы жайлы мәліметтер алды. Айта кету керек Берік Айбике қыркүйектің 13 мен 23 –ші жұлдызы аралығында Талдықорған қаласында дойбыдан өткен «100» атты Қазақстан Республикасының чемпионатынан бірінші орын алған болатын. ҚазИТУ студенттері Айбикені жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

Студенттік баспасөз қызметі