Главная Новости "Есік көлі" жағасына саяхат
12 қазан 2019                  318776
"Есік көлі" жағасына саяхат
12 қазан ҚазИТУ колледжінде "FUNTRAVEL" туристік клубынының ашылу салтанатына орай "Есік көлі" жағасына саяхат ұйымдастырылды. Клубтың мақсаты - Қазақстан аумағындағы әдемі, көрікті табиғатын тамашалау, тарихи өлкелерді көзбен көріп, тарихи құндылықтарды бойымызға сіңдіре отырып, патриоттық сезімді оятып, студенттерді ұжымдық мәдениетке тәрбиелеп, көңілді уақытты өткізуді уйымдастыру. Студенттер мен оқытушылар "Есік көлінің" табиғатын тамашалай отырып, тарихымен танысты. Таудың табиғатынан керемет әсер алып, таза ауада серуендеді, естелік үшін суретке түсті. Сонымен қатар @funtravel ұйымдастырушыларымен алдағы уақытта жоспарларына сәттілік тілейміз және өз Алғысымызды білдіреміз.