Главная Новости ҚазИТУ «Ізгілік елшісі» жобасын қолдайды!
04 қараша 2019                  318840
ҚазИТУ «Ізгілік елшісі» жобасын қолдайды!

2019 жыл 4 қараша ҚазИТУ-да «Ізгілік елшісі» жобасын қолдау мақсатында кездесу өтті. “Ізгілік елшісі” жобасының үйлестірушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сабитова Айнур Алимхановна жоба туралы толық ақпарттар берді. Кездесуге «Ізгілік елшісі» жалпы ұлттық жобасына қызығушылық танытып, өз еркілерімен игі іске ат салысатын профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. «Ізгілік елшісі» – студенттерден құралған еріктілер тобы кіретін, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды еріктілікке тартуға көмектесетін жоба. Жобаның мақсаты – адамгершілік пен жанашырлықты дамыту, жас ұрпақты сыйластыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Университеттің Жастар Ұйымдары комитетінің белсенді студенттерінен құралған «Қамқор» қайырымдылық клубы түрлі акциялар өткізіп, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға әрдайым дайын. Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шаралар соның бір дәлелі. «Ізгілік елшісі» жобасының ұйымдастырушылары ҚазИТУ жастарын қайырымды істерерді бірге атқаруға шақырды. Біз ҚазИТУ жастары «Ізгілік елшісі» жобасын қолдап, баршаңызды қайырымды істен құр қалмауға шақырамыз!

Студенттік баспасөз қызметі