Главная Новости «Ораторлық өнер: шеберлік құпиялары»
05 қараша 2019                  318794
«Ораторлық өнер: шеберлік құпиялары»

Көпшілігіміз үшін жұртшылықтың алдында өнер көрсету – ең қиын оқиғалардың бірі. ХХІ ғасырда өз көшіңнің басшысы болу үшін, сөзіңмен айналадағы адамдарды баурап алу қабілетіне ие болуың керек. Көптің алдында қысылмай сөйлеу бір өнер болса, сөзіңді жеткізіп, аудиторияға тыңдатуың бір басқа. Студенттердің ортаторлық шеберлігін арттырып, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында ҚазИТУ-да кәсіби маман, белгілі оратор Арай Серікқызының қатысуымен семинар өтті. Жастар Ұйымдары комитетінің бастамсымен өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды деуге толық негіз бар. Арай Серікқызы негізін қалаған «Frist Orator School» ораторлық мектебінің кәсіби мамандары студенттерге 6 түрлі тақырып бойынша маңызды әрі пайдалы мағұлматтармен бөлісті. Семинар барысында ішкі қорқыныштан арылу, сахна алдындағы дайындық, дикция, дауыс қою тәртібі, мимика, сөздік қорды көбейту, камерамен жұмыс, стилистика т.б маңызды тақырыптар қарастырылды. Білікті кәсіби мамандар қызықты ойындар ұйымдастырып, студенттер белсенді қатысты. Ойындар кезінде өздерінің сөз және актерлық қабілеттерін көрсете білген белсенді студенттер «Frist Orator School» ораторлық мектебінде 1 айлық тегін оқу сертификатын иеленді.Шеберлік сынып нәтижесі бойынша студенттер ораторлық шеберліктің алғашқы дағдыларын алып, аудиториямен қарым-қатынас жасаудың әдістеріне дағдыланды. Жастардың ораторлық өнермен қатар көшбасшы болуға жетелейтін семинардың өтуіне ұйытқы болған Арай Серікқызы және ұжымына ҚазИТУ студенттері атынан үлкен алғыс білдіреміз!

Студенттік баспасөз қызметі