Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры ҚазИТУ студенті ғылыми жобалар байқауында бірінші орынға ие болды!
13 қараша 2019                  318865
ҚазИТУ студенті ғылыми жобалар байқауында бірінші орынға ие болды!

2019 жылы 13 қарашада Нұр-сұлтан қаласында қаржыгер күніне арналған "Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етуде цифрландыру дәуірінің жастары" атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми жобалар байқауы өтті. Сайыс Еуразия ұлттық университетінде(ЕҰУ)болды. Біздің университетімізден Экономика және қаржы кафедрасының ұстаздары Омарова А. К. және Жусипова М. Ш жетекшілігімен "Қаржы" мамандығының 2 курс студенті Заркымова Зере қатысты. Байқауда Тұран, Тұран-Астана, Еуразия ұлттық университеті, Қаржы академиясы, Қазақстан аграрлық университеті және т.б. университеттердің студенттері өз жобаларын ұсынды. Айта кету керек, екі жоба Қазақ ұлттық университеті мен Қарағанды университеті онлайн режимінде, skype - байланыс арқылы жобаларын қорғады. Қазылар алқасының құрамында білікті және жоғары мамандар және Ұлттық банк өкілдері, Еуразиялық технологиялық университет әкімшілігі және қаржыгерлерден тұрды. Олар жобаларды бағалап, келесі дәрежеге ие болды: 1 орын - 1 жоба, 2 орын - 2 жоба және 3 орын - 3 жоба. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылар Ұлттық банктің атынан әр түрлі номинациялар алды. Студенттердің баяндамалары қызықты, танымды болды. Ең есте қаларлық impact-инвестициялау, технологиялар блогы және әлемдік нарықтарды талдау тақырыптары болды. "Бренд ДНК: банк құрылымын цифрландыру" тақырыбына біздің жобаны ұсына отырып, регламент ескерілді және барлық құрылымдар айтылды. Соңында жобаны жүзеге асыруға және оның құрылымына қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Жоба толығымен қорғалып, сұрақтарға жауап берділді. Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтау үшін уақыт бөлінді және одан әрі марапаттау өткізілді, онда бірінші кезекте біздің университет пен біздің жобамыз қатысып, бірінші орынға ие болды. Одан кейін екінші орынды Тұран Алматы командасы және Еуразия Ұлттық Университетінің студенті және балалар сүт ботқасы өндірісі бойынша бизнес жобасымен марапатталды. Үшінші орынды Қарағанды және ҚазҰУ ЖОО-дан онлайн қатысушылар және ЕҰУ Бизнес жобасы бар командасы иеленді. Марапаттаудан кейін жалпы фотосессия өткізіліп, іс-шара аяқталды.