Главная Новости Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті
15 қараша 2019                  318798
Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті

14-қараша Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға ректор Г.А.Сарсенбекова бастаған басшылар мен оқытушы-профессорлар құрамы, студенттік парламент мүшелері, қалалық қоғамдық ұйымдардың жетекешілері, жастар ұйымдары комитетінің белсенділері және 1-4 курс студенттері мен топ жиналыстарында сайланған делегаттар қатысты.





Конференцияның күн тәртібіне ҚазИТУ Жастар ұйымдары комитетіні жұмысының есебі, және Жастар ұйымдары комитетінің жаңа төрағасын сайлау енді. Бірініші мәселе бойынша Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Батай Меруерт Айдынқызы комитеттің 2017-2019 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстарының есебін баяндады.





Жастар Ұйымдары Комитеті осы уақытқа дейін университетте 200-ден астам түрлі іс-шараларға қатысып қана қоймай ұйымдастыруына ұйытқы болды. Негізгі басымдықтар мемлекеттік жастар саясаты мен университеттің даму стратегиясында сай жоспарға сәйкес мақсат-міндеттерге негізделген. Олар сапалы білім беруді қамтамасыз ету және азаматтық-патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие және мәденет бағыты,бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіби бағдар беру жұмыстары, ақпараттық сектордың дамуы, сыртқы байланыс, қалалық қоғамдық ұйымдармен жұмыс, және жастарды қолдау шаралары болып табылады.

2-жыл бойы жасалған жүйелі жұмыстар барысында әр бағыт бойынша жастардың нәтижелі жұмыс атқарып, жетістікке жеткендігін аңғаруға болады. М.Батай өз баяндамасын: «Ел ертеңін қалыптастыратын білімді, белсенді әрі азаматтық позициясы мен қоғамда орын алар тұлға қалыптастыруды университет қабырғасында іске асырудың рөлі өте жоғары. Яғни ҚазИТУ студенттері білім алумен шектелмей, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда. Бұл – тұлға болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы. Белсенді студенттердің басын құраған Жастар ұйымдары комитетінің құрамындағы әрбір студент жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шағында өзін-өзі басқару ұйымының дамуы жолында өз үлестерін қосты деп есептеймін»- деп қорытындылап жаңа сайланатын төраға мен барлық белсенділерге сәттілік тіледі. Екінші мәселе бойынша Жастар ұйымдары комитетінің төрағалығына үміткерлер «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Тасымова Алуа Мерекеевна,



«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Қабдоллаева Толғанай Нұржанқызы,



Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абдуллаев Нуржан Бауыржанулы,



«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Жакиев Төлеген Нұрбекұлы



сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Конференцияға қатысушылар кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, өз сұрақтарын қойды.

Сайлау қорытындысын 110 делегаттың дауыс беру нәтижесінде шығарылды. Арнайы тағайындалған есеп комиссиясының нәтижесі бойынша кандидаттар А.Тасымова 16,3% Т.Қабдоллаева 25,4%, Н.Абдуллаев 35,4% Т.Жакиев 20% көрсеткіштерін көрсетті

.



Дауыс беру нәтижесінде Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы болып Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абдуллаев Нуржан Бауыржанулы сайланды.





Жастар комитетінің жаңа басшысына табыстар тілей отыра, алдағы уақытта студенттер үздік нәтижелерге қол жеткізіп, игі бастамаларымен қуантатынына сенеміз!

Студенттік баспасөз қызметі