Главная Новости Шет елдік ғалымдармен меморандумға қол қойылды.
19 қараша 2019                  318746
Шет елдік ғалымдармен меморандумға қол қойылды.

Шет елдік ғалымдармен меморандумға қол қойылды. Жоғары білікті кадр дайындау және ғылыми педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру,идеялармен алмасу үшін жағдай жасау мақсатында 18 қараша 2019 жыл ҚазИТУ университетінде шетелдік ғалым, РhD докторы, профессор Раймар Зельтман және шетелдік ғалым, РhD докторы, Алла Долгополовамен кездесу өтті. Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедарсы ұйытқы болған кездесуге университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. Кездесу барысында ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова шетелдік ғалымдарға университетіміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері жайлы баяндады. Кездесу барысыныда Раймар Зельтман Лондон қаласындағы ғылыми жұмыстарын, зерттелінген минералдар туралы қызықты мәлімметтермен бөлісті. Оқытушылар мен студенттер өз сұрақтарын қойып, жиынға белсенді қатысты. Қызықты өткен кездесу соңында ректор Г.А.Сарсенбекова Раймар Зельтманмен серіктестік туралы меморандумға қол қойып, естелік фотоға түсті.

Студенттік баспасөз қызметі