Главная Новости «EXPOBEST» компаниясымен бірлесіп бизнес инкубатор ашу жоспарлануда
20 қараша 2019                  318936
«EXPOBEST» компаниясымен бірлесіп бизнес инкубатор ашу жоспарлануда
19 қараша 2019 жыл университетімзіде «EXSPOBEST» тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығының директоры Юрий Александрович Пилипенкомен кездесу өтті. Оқытушылар мен студенттер қатысқан кездесуде Юрий Александрович «EXSPOBEST» тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің қауымдастығы туралы мәліметтер келтірді. «EXPOBEST» Халықаралық өндірушілер қауымдастығы 2013 жылы құрылған. Қауымдастықтың мақсаты жастардың экономикалық рентабельді бизнес-жобалар дайындауға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнесті интернет желісінде дамытуға мүмкіндік беру. Университет базасында «EXPOBEST» компаниясымен бірлесіп иновациялық-техникалық бизнес инкубатор ашу жоспарлануда. Аталмыш жобаға иновациялық және иновациялық-техникалық жобаларды әзірлейтін ҚазИТУ-дың барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысады. Инкубатор жоба арқылы жастар арасында жаңа заманға сай инновациялық идеялардың пайда болуына ықпал етіп,тың жобаларды ұсынатын боламыз.

Студенттік баспасөз қызметі