Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры "Қазақстанның инновациялық әлеуетіне жастардың қосқан үлесі"
23 қараша 2019                  318827
"Қазақстанның инновациялық әлеуетіне жастардың қосқан үлесі"

22 қараша 2019 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Экономика және Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның инновациялық әлеуетіне жастардың қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.В.Ахмедьярова модератор болды.

Шараның басты мақсаты - ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету және инновациялық қызметті жүзеге асыруда жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және оны жүзеге асыруға жағдай жасау. Сонымен қатар, студенттердің инновациялық зерттеу жұмыстарын ынталандыру, перспективті инновациялар мен технологияларды анықтау, ғылымның өндіріс секторында интеграциялау үдерісін дамыту, жастарды ғылыми-зерттеу және техникалық шығармашылыққа тәрбиелеу.

Аталмыш жиынға ҚазИТУ студенттерімен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы экономика және статистика акдемиясы, Қазақ-Америка университеті, Тұран университеті тағы басқа оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттердің түрлі тақырыптағы баяндамалары мен жобалары тыңдалды. «Жастар және инновационды даму», «Қазақстан туризмінің маркетингті -инновациялық дамуы», «Жас педагогтар мен инновациялық даму үрдісі», «Мен елімнің инновациялық дамуына қандай үлес қоса аламын?!», «Инновациялық менеджмент және басқару», «Мобильді қосымшаның әлемуеттік инновациялық жағы» тақырыптарында баяндамалар жасалынса, «Плазма жасау», «ДНҚ брендінің жинақ жүйесі», «Эко-торлы сөмкелері», «Фунчоза кеспесі өндірісі», «Пластикалық заттардан жол құрылысы» сияқты қызықты жобалар ұсынылды.

Студенттер «Инновация» ұғымына сипаттама беріп, баяндамалары мен жобаларына қатысты студенттер мен оқытуышлар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дөңгелек үстелге белсенді қатысып, өз жобаларын сәтті қорғағаны үшін барлық қатысушы студенттер арнайы сертификат пен сыйлықтармен марапатталды.

Студенттік баспасөз қызметі