Главная Новости «Ізгілікті адал азамат» мектебі
27 қараша 2019                  318830
«Ізгілікті адал азамат» мектебі

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2019 жылдың қыркүйек айынан «Ізгілікті адал азамат» мектебі жұмыс істейді. Клуб жетекешісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Сармурзина Галия Алтаевна. Клуб мүшелігіне 1-4 курс аралығындағы студенттер мен оқытушы профессорлар құрамы кіреді.

Мақсаты - рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді жоғарылату, адалдық пен мәдениеттілікті қалыптастыру.

Міндеттері:рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:

адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр қатысушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;

әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;

эстетикалық тәрбиелеу қатысушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.

Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.