Главная Новости ҚазИТУ-да ғылыми зерттеу зертханаларының салтанатты ашылуы болды
10 желтоқсан 2019                  318763
ҚазИТУ-да ғылыми зерттеу зертханаларының салтанатты ашылуы болды

10-желтоқсан ҚазИТУ ұжымы мен студенттері үшін қуанышты күн болды. Университетіміздің ғылыми зертханалар, асхана, спорт зал, медициналық кабинет пен жастар орталықтары күрделі жөндеуден өтіп еуропалық үлгіге сай жабдықталды. Осыған орай №2 оқу ғимаратында орналасқан зертханалар кешенінің лентасы салтанатты түрде қиылды.

Салтанатты рәсімге құрметті қонақтар мен ректор Г.А.Сарсенбекова бастаған оқытушы – профессорлар құрамы, құрылыс жұмыстарының басшылары мен студенттер қатысты. ҚазИТУ өміріне белсене ат салысып, жастарға сапалы білім алып, тұлға ретінде дамуына қосқан үлесі үшін құрылыс жұмыстарының басшылары алғыс хаттармен марапатталды. Мұнда орналасқан ғылыми зертханалар кешені жаңа заманға сай жабдықталып, студенттердің теориялық тұрғыдан алған білімдерін тәжірибе жүзінде зерттеп, білім беру сапасының одан сайын артуына қолайлы жағдай жасалынып отыр. Сонымен қатар спорт зал, асхана да заман талабына сай жабдықталса, жастар жылы аясында студенттерге қызмет көрсету мен коворкинг орталықтары орталығы жастар игілігі үшін пайдалануға берілді.