Главная Новости «Welcome to KazETU» студенттер кеші
06 қазан, 2016                  318821
«Welcome to KazETU» студенттер кеші
2016 жылы 6 қазанда «Жастар Ұйымдары Комитеті» және университеттің белсенді жастары 1-курс студенттеріне арнап, «Welcome to KazETU» тақырыбымен арнайы кеш өткізді.Студенттік өмірге енді қадам басқан 1-курс студенттері осы кешті асыға күтетіні анық. Бұл әрбір студент үшін ең маңызды, ең толқынысты, жарқын эмоцияға толы және ұмытылмас әсерлі кеш екені сөзсіз.

Осы күні профессорлар мен оқытушылар құрамы және қонақтар Алматы қаласының ең үздік студенттік орталығына жиналды.

Университет проректоры Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы студенттерге жүрек жарды тілегін арнап, алдағы студенттік өмірде сәттілік тіледі.

Аталмыш кеште сахна төріне отандық «ВУЗеры» телесериалының актерлері шығып, ыстық лебізін білдерген кезде жастардың қошеметі ерекше болды. Студенттер кино саласындағы өз орны бар актерлармен бірге сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп, тек инженер- технолог ғана емес жан- жақты өнерлі екендіктерін дәлелдеді.

Кеште әсем әндер шырқалып, көңілді ойындар ойнатылды.

Қонақтар, ұстаздар мен студенттердің кештен алған әсері ерекше.


ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі