Главная Новости ҚазИТУ-да «Айқын» ұжымы қонақта
30 наурыз, 2017                  318709
ҚазИТУ-да «Айқын» ұжымы қонақта
Елбасы «Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі болашақ үшін жасалуда» деген болатын. Осы мақсатта болашақ инженер-технологтарды дайындайтын Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы журналистер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың, «Алтын адам» сыйлығының лауреаты, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бастаған «Айқын» республикалық қоғамдық –саяси газетінің ұжымымен кездесу өтті. Жиынға ҚазИТУ ректоры Нұрлан Мұқанұлы, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор Гүлнар Әлібекқызы, оқытушылар, эдвайзерлер және студенттер қатысты. «Айқын» газеті 18 миллион халқы бар еліміздің жүрегінен орын тапқан басылым.

Универстет ұжымы осы кездесуді үлкен ыждақаттылықпен күтті. Дайындық жұмыстарына белсене қатысып, кештің жоғары деңгейде өтуіне әлеуметтік-гуманитарлық кафедра оқытушылары үлкен еңбек сіңірді.

Инженер-технолог маман болып қалыптасуда, шығармашылықты серік еткен жастар «Жас қаламгер» клубын 2016 жылы құрған болатын. Клубқа аталмыш кафедра оқытушылары жетекшілік етеді. Осы орайда кафедра оқытушылары Сая Рымғалиқызы, Мейіргүл Чаяхметованың еңбектерін атап өткен жөн. Осы клубтың белсенді мүшелері өз шығармашылықтарынан Нүртөре Жүсіпке және "Айқын" ұжымына арнауларын оқыды. Университеттегі 29 студенттер клубының бірі «Жас оқырмандар» клубында ай сайын әрбір студент оқуға тиіс 4 кітап талқыланады. Наурыз айында Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» атты кітабымен студенттер танысып, талқылаған болатын. «Жас оқырмандар» клубының мүшелері публицистикалық мақалалары желісінде көрініс қойып, Нұртөре Жүсіптің образын нақышына келтіре сомдады. Келген қонақтарға студенттер сұрақ қойып, тұшымды жауаптар алып, әсерлі әңгіме өрбіді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұртөре Жүсіп университеттің оқытушыларына зор сенім, үлкен табыс тілей отырып партиялық билеттерін табыс етті.

Университетіміздің ректоры, профессор, ф-м.ғ. докторы Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.