Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры ҚазИТУ белсенділері марапатталды.
12 желтоқсан 2019                  318753
ҚазИТУ белсенділері марапатталды.

2019 ж. 13 желтоқсан Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінің Студенттер үйінің мәжіліс залында Жастар Ұйымдары Комитетінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті. Жиынға Жастар Ұйымдары комитетінің белсенді студенттері қатысты.

Жиналыс барысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасалып, атқарылған жұмыстар жайында есеп тыңдалды.

Жастар Ұйымдары Комитеті осы уақытқа дейін 100-ден астам түрлі іс-шараларға қатысып қана қоймай ұйымдастырып та келді. ЖҰК жылдық жоспары университет даму стратегиясында айқындалған мақсат-міндеттерге негізделген. Негізгі басымдықтар: оқу, ғылым, шығармашылық, студенттік өзін-өзі басқару, салауатты өмір салты, т.б. болып табылады. Жастардың осы жылы жеткен жетістіктері де аз емес. Әрбір белсенді комитет жұмысына белсенді араласып, түрлі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Осыған орай ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында университеттің қоғамдық өміріне, мәдени-көпшілік іс- шараларына белсенді ат салысқан үздік студенттер марапатталды. Белсенді жастар бірлікте болса, бағындырар биік белестері әлі алда екеніне сенімді!