Главная Новости ҚазИТУ студенттері кәсіби бағдар беру жұмыстарын сәтті жүргізуде
15 желтоқсан 2019                  318813
ҚазИТУ студенттері кәсіби бағдар беру жұмыстарын сәтті жүргізуде

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған шара. ҚазИТУ студенттері оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеу мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мектеп түлектерінен таңдау пәні, қай жоғары оқу орны таңдағаны, қай мамандыққа тапсыратындары жайлы сауалнамалар алынуда. Оқушыларға университет мамандықтары жайлы презентация көрсетілді, жарнамалық материалдар таратылып, кең көлемде ақпараттар берілді. Кәсіби бағдар беру барысында мектеп директоры, директор орынбасарлары, информатика пәнінің мұғалімдері және 11-сынып оқушылары мен ата-аналарымен кездесіп, университетімізде болатын іс-шаралармен, кәсіби бағдар беру жоспарларымызбен таныстыруда. Мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы мазалаған сұрақтардың жауаптарын алды. Оқушыларға кафедра мамандықтары жайлы, болашақта қандай маман болып шығатыны жайлы, университеттің ғылыми зертханалары жайлы ақпараттар толық берілді. Құрметті жас түлек! ҚазИТУ мен бірге болашаққа нық қадам бас!