Главная Новости «Тұңғыш президент-Тәуелсіздік дәуірі»
04 желтоқсан 2019                  318806
«Тұңғыш президент-Тәуелсіздік дәуірі»

Қазақстан инженерлік-технологиялық универсиетінде 1-желтоқсан Тұңғыш президент күні мерекесіне орай «Тұңғыш президент, Тәуелсіздік дәуірі» атты дөңгелек үстелі жиыны өтті.Жастар отырысының басты мақсаты - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруда, егеменді Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға қосқан жеке үлесі жайында және Елбасының еліміздің жан-жақты - экономикалық, технологиялық, саяси, әлеуметтік және қоғамдық сананы модернизациялаудағы бастамаларына кеңінен тоқталып, осы арқылы жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтуға үлес қосу. Алматы қалалық ҚазИТУ жастар комитетінің төраға орынбасары Дарын Төлеубай модератор болып, «Әлем таныған-Елбасы» тақырыбында кіріспе баяндамасын жасап, Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, ел дамуы жолындағы елеулі еңбектері мен келелі істері жайында сөз қозғады. Келесі болып, Маркетинг, мансап, жастар саясаты департаментінің директоры А.А.Тұрсынбаева мерекемен құттықтап, өз сөзінде Еліміз егеменді ел ретінде дамуға бет алған алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, республикалық деңгейде де маңызды саясат жүргізіп келгендігін, Президентіміз ұйытқы болған жаһандық бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқандығын айтып, Елбасымыздың жаһандық стратегиялық бастамаларына кеңінен тоқталды

Әлеуметтік -гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты А.Сарымсақов: Елбасы бастамалары, жастарға қамқорлықтың жарқын үлгісі туралы сөз қозғады. Осы орайда қатысушы студенттер өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Сонымен қатар жиын барысында 1 курс студенттері Талғатқызы Мадина, Тұрсыналы Шырын баяндама жасап қатысушылар видеороликтер мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған ҚазИТУ көрмесін тамашалады.