Главная Новости ҚазИТУ ұжымы Жаңа жыл мерекесін салтанатпен атап өтті
20 желтоқсан 2019                  318799
ҚазИТУ ұжымы Жаңа жыл мерекесін салтанатпен атап өтті
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы Жаңа жыл мерекесін ерекше сән-салтанатымен атап өтті.

Мерекелік кеш шымылдығын университет ректоры, Г.А.Сарсенбекова құттықтау сөзбен ашты.

Өз сөзінде Гүлнар Әлібекқызы 2019 жыл университетіміз үшін өте табысты болғанын айтып, жеткен жетістіктерді баяндады. Барлық жетістіктер ұжымның еңбегі деп бағалап, жаңа жылға жаңа табыстар тіледі.

ҚазИТУ белсенді студенттерінің ұйымдастырылған концерттік бағдарлама оқытушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Университетіміздегі департамент өкілдері мен әр кафедраның оқытушылары мерекелік тілектерін айтып, өнерлерін ортаға салды.

Түрлі конкурстар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.