Главная Новости ҚазИТУ студенттері «Мен Қазақпын!» челленджін қолдайды!
17 желтоқсан 2019                  318767
ҚазИТУ студенттері «Мен Қазақпын!» челленджін қолдайды!
Елімізде басталған челлендж аясында, 16 желтоқсан күні Республика алаңында қала әкімшілігінің басшылығы, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Ардагерлер кеңесі, ҚХА мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері және тағы басқалар «Мен қазақпын» әнін шырқады.

ҚазИТУ жастар комитетінің студенттері де бұл шараға белсенді қатысты.

Бұл челлендждің мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне «Мен қазақпын» әнін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқының достығы мен бірлігі туралы үндеу.