Главная Новости ҚазИТУ Студенттер үйінде тегін спорт секциясы жұмыс істеуде
26 қаңтар 2020                  318846
ҚазИТУ Студенттер үйінде тегін спорт секциясы жұмыс істеуде
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, студент жастардың фитнес сауаттылығын жоғарылату мақсатында Студенттер үйінде 2019 жылдың 8-наурыз қарсаңында қыздарға арналған жаттығу залы пайдалануға берілген болатын. Бүгінде жаттығу залында «Fitness lady» атауымен қыздарға арналған спорттық секция жұмыс істейді.

Жетекшісі, әрі жаттықтырушысы Дзюдодан Республикалық жарыстардың жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер,1-курс студенті Ердос Айдана. Жаттығу студенттер үйінде тұратын қыздарға арналған ыңғайлы уақытта өтеді. Аптасына 3-күн 2 сағаттан өтетін жаттығу студенттерге тегін.

Жаттығу залына барып, ақша жұмсағанша қолжетімді түрде әрі тегін біз өз қалпымызды сақтап, салауатты өмір салтын ұстана аламыз - дейді секцияға қатысушы қыздар.. Ұйымдастырушыларға сәттілік тілейміз!